Latest Entries »

Таң шапағы, арайымен ақ таңдағы,
Оянам деп жастыққа жатсамдағы.
Күлiмдеген еркемдей сан жұлдыздар,
Маған маза бермедi аспандағы.
Жарайды, ұйқысыз таң атырайын,
Тарайды жұлдыздарың, батып айың.
Осы түн, осы жұлдыз, өткен шақтар,
Елесiн есiк қағып шақырайын.
… Жаралған өмiрдегi бағым үшiн,
Сары алған көңiлдегi сағынышым.
Таралған жан шуағы сендей жанды,
Таба алман, жалғыз ғана барымысың?!
Күздеймiн жаным бiр ан, аласұрам,
Iздеймiн қалың тұман арасынан.
Yзбеймiн үмiтiмдi, жаным жара,
Сiз деймiн емдейтұғын жарасынан.
Қайтейiн қиналамын қапаланып,
Сәл кейiн арайлы тан атар анық.
Сан жұлдыздар жотасынан күмiс бұлақ,
Сағыныштың сылдыры жатар ағып…

ТАҒЫ ДА ТҮН…

Түн,
Тағы да түн, тағы да түн,
Шыкса күн болдым сенi сағынатын.
Алты кырдың ар жағынан ай көрiнсе,
Өзегiмдi өртеген ой жарылатын.
Күндiз бе?
Күндiз бәрi жанығатын,
Көше толып адамдар ағылатын.
Сен бе едiң менi бәлкiм түсiнетiн,
Тыныш түн – тереңiрек әрi ұғатын.
Санамдағы сан ойдан арылатын,
Туар ма күн шешiмi табылатын?!
Таусылмас түндерiмнiң өздерi де,
Болар-ау менен әлi жалығатын…
Жалығатын боласың-ау жалығатын,
Iлесуге менiмен талып атың.
Күнiм де, болса меңiң түнiм де жок,
Демек маған жындының халы жакын.
Сырымды айтып, мұңымды шағынатын,
Күн батып, келемiсiң тағы да түн.
Ел ұйкыға жатканда ой-санамның,
Түпсiз терең терезесi кағылатын…

Hello world!

Welcome to WordPress.com. After you read this, you should delete and write your own post, with a new title above. Or hit Add New on the left (of the admin dashboard) to start a fresh post.

Here are some suggestions for your first post.

  1. You can find new ideas for what to blog about by reading the Daily Post.
  2. Add PressThis to your browser. It creates a new blog post for you about any interesting  page you read on the web.
  3. Make some changes to this page, and then hit preview on the right. You can alway preview any post or edit you before you share it to the world.
WordPress.com-дағы блог. | Келбет: Motion by volcanic.
Follow

Get every new post delivered to your Inbox.